Елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жақындады
Жүктелуде
Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдап, Қазақстанның волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты.

Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдады.
Тоқаев Қазақстан волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше ден қойып отырғанын атап өтті.
«Менің бастамаммен жаңа Конституцияға волонтерлік қағидалары енгізілді. Онда волонтерлік қызметті ынталандыру алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді», - деді президент.
Өз кезегінде Тойли Курбановтың айтуынша, «Таза Қазақстан» сияқты акциялар бірқатар елде үлкен қызығушылық тудыруда.
Айта кетері, Астанада ТМД волонтерлерінің алғашқы форумы өтті.
Дереккөздер
- Ақорда
Соңғы жаңартылды
20.08.2026



