Алматы облысында жеке сот орындаушы 139 млн теңгеге құмар ойын ойнаған
Жүктелуде
Тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушы үш жыл ішінде ойын шотына бірнеше миллион теңге аударғаны анықталды. Бірқатар сот орындаушысының ойын шоттарына аударған қаражаты 180 млн теңгеге жуықтаған.

Тексеру нәтижесінде ол үш жыл ішінде ойын шотына бірнеше млн ақша аударғаны анықталды.
Бас прокуратураның мәліметінше, 20 жеке сот орындаушысы букмекерлік кеңседе ойын шоттарын тұрақты толықтырып, құмар ойын ойнаған.
Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады.
Тексеру нәтижесінде тағы бір сот орындаушы 26 млн теңге аударғаны белгілі болған.
Аталған фактілер бойынша заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді, дейді прокуратура.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Соңғы жаңартылды
20.08.2026



