ЖЕТІСАЙДА ТӘУЛІГІНЕ 35 МЫҢ ДАНА ПІСКЕН КІРПІШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Жетісай ауданында тәулігіне 35 мың дана кірпіш шығаратын «Мақтаарал-қыш» зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорында 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Фотогалерея
14 фотоЖетісай ауданында өндіріс орындарының жұмысын жандандыру, отандық өнім көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Зерделі елді мекенінде орналасқан «Мақтаарал-қыш» зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын құрылтайшысы Нұрдулла Қалисаевпен кездесіп, өндірістің қазіргі жағдайы, өнім сапасы мен оның нарықтағы сатылу бағасы, сондай-ақ, кәсіпорынның алдағы даму мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
2017 жылы негізі қаланған зауыт бүгінде құрылыс саласына қажетті кірпіш өндірумен айналысады. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тәулігіне 35 мың дана кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Мұнда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өндіріс орнының экономикалық әлеуеті де айтарлықтай. Кәсіпорынның айлық табысы 45 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл – жергілікті өндірістің аудан экономикасына қосып отырған үлесінің нақты көрінісі.
Кездесу барысында өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жаңа кәсіпорындар ашып, өндірістік бағыттарды кеңейту арқылы қосымша жұмыс орындарын құрудың маңыздылығы атап өтілді.
Аудан әкімі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мен өндірісті дамыту – жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Жергілікті кәсіпкерлердің өндірісті дамытуға деген ынтасы мен жаңа жобаларды қолға алуы Жетісай ауданында кәсіпкерліктің әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Ал, мұндай өндіріс орындарының көбеюі – аудан экономикасының нығаюына және тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Дереккөздер
Материал редакция дерегі негізінде дайындалды.
Соңғы жаңартылды
11.09.2026
Ұқсас мақалалар
ЭкономикаМемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді20.08.2026 · 4 қаралым
БілімОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП: ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК11.09.2026 · 35 қаралым
БілімҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ11.09.2026 · 13 қаралым
СпортЖЕТІСАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ТӨРТ ДҮРКІН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ08.09.2026 · 9 қаралым












